I ҚАДАМ
«Не үшін белсенді болу керек?»
Ата-ананың алдында тұрған міндеттердің бірі - балаға өз сезімдерін объективті қабылдауға үйрету. Бұл сабақта ата-ана қандай да іс-әрекеттің қажеттілігі туралы жалпы түсінікке бағытталған негізгі ойлармен танысады. Себебі, балаға өзінің мінез-құлқы туралы объективті және жағымды пікірлерді естіп өсуі қажет. Осы дәрістің арқасында сіз оны қалай дұрыс жасау керектігін түсінесіз.
Аудио-дәріс "Не үшін белсенді болу керек?"
Үй тапсырмасы
Халіңді қабылдап, ашық айту арқылы өз-өзіңді ұстауды үйрену

1. Бала болсын, үлкендер болсын өзін жайсыз сезініп, ашулы болуы мүмкін. Мұндайда жасырып қалмай, ашық айту қажет. Мысалы жылап отырсаңыз, жылаудың қалыпты жағдай екенін, не үшін жылап отырғаныңызды түсіндіріп беріңіз; айғайласаңыз, басқаларға кедергі келтірмей қорқытпай айғайлау керегін түсіндіріңіз; ашулансаңыз, ашуланудың адамға тән екенін, не үшін ашуланғаныңызды ашық айтыңыз. Мұндағы мақсат - барынша негативті азайтып, дискомфорт жағдайды шама келгенше әзілмен жеңу.

2. Көңіліңізді көтеретін себептерді жіпке тізіп, есте қалған ерекше қуанышты кездерді айтып беріңіз. Айталық, «күлгенді жақсы көремін, екеуміз бірге не кезек-кезек, қатты не ақырын күле аламыз» деңіз. Қуанышты жағдайдың бәрін ойын сияқты көрсетіп, кейін оқу процесіне, одан еңбек ету процесіне қосыңыз. Мақсат - қиындыққа тап болған жағдайда оның шешімін іздеуде барынша позитивпен қарайтын әдіс қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тіркеңіз
"Берекелі" пакетін алған жағдайда, үй тапсырмасы тексеріледі.
E-mail
Атыңыз
Үй тапсырмасы