II ҚАДАМ
«Не үшін ізденіс керек?»
Бұл дәріс бала мен ата-ананы жинақылыққа үйретеді.Сонымен қатар, психолог өзін-өзі ұйымдастыру мен оның тиімді әдістерін талдайды. Дәрістің аясында ережелер мен шектеулерді сақтау, нұсқаулар мен уақытты тиімді пайлану, берген уәдені орындау әдеттеріне қатысты позитивті қатынас қалыптастырамыз.
Аудио-дәріс "Не үшін ізденіс керек?"
Үй тапсырмасы
Жинақы болып үйрену, жағымды шектеулерді біртіндеп, саналы түрде енгізу:

1. Күн тәртібін құрып, күні бойы не істейтініңді жоспарлау (кей жерлерге бос уақыт қалдырып, өзгертуге болатындай етіп қою керек), оны әдемілеп безендіріп, магнит тақтайшаға іліп қою. Немесе тақтайшаға бір кейіпкер не зат (гүл, ханшайым, мысық, сағат, батыр және т.б) саяхаттап жүргендей етіп безендіруге де болады. Күн тәртібін барынша бұзбауға тырысу керек.

2. Бір аптаға арнап дұрыс тамақтану ережелерін жасау. Оны безендіру. Содан ауытқымауға барын салу.

3. Бір ай бойғы жеке бас тазалығы ережелерін құрастыру (сырт келбетке қарау, заттарды, гигиенаға арналған заттарды таза ұстау, жуыну және т.б).

4. Білуге, үйренуге талпынысты қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тіркеңіз
"Берекелі" пакетін алған жағдайда, үй тапсырмасы тексеріледі.
E-mail
Атыңыз
Үй тапсырмасы